"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 10 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қ. күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.