"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша Шығыс Қазақстан облысында 1-3 сәуір аралығында температуралық фонның оң мәндерінің сақталуына байланысты (түнде 5°C аяз-3°C жылы, күндіз 10–18°C жылы) қардың қарқынды еруі, өзендердің мұздан ашылуы және мұз құбылыстарының әлсіреуі жалғасады. Өзен арналарында мұз кептелістерінің түзілуі мүмкін, еріген қар суы және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ су деңгейінің көтерілуі күтілуде.