«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 29 наурызда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Өскемен қ. түнде және таңертең тұман күтіледі.
Облысында 29-31 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты (түнде 3°C аяз-2°C жылы, облыстың
оңтүстігінде 5°C жылыға дейін, күндіз 10–17°C жылы) қардың қарқынды еруі, өзендердің мұздан ашылуы және мұз құбылыстарының әлсіреуі жалғасады. Өзен арналарында мұз кептелістерінің түзілуі мүмкін, еріген қар суы және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Соның салдарынан су жайылуы және су басуы мүмкін.