"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 12 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қ. күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.