"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 10 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын - жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ. көктайғақ күтіледі.