"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 05 наурызда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.