«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша 24 ақпанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
Өскемен қ. түнде және таңертең қар, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 24 ақпанда ауа температурасы түнде 21-23 аязға дейін күрт төмендейді.