«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 21 ақпанда күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ. түнде және таңертең тұман күтіледі.