"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 19 ақпанда түнде облыстың солтүстігінде жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ, кей уақыттарда қатты жауын-шашын күтіледі, күндіз жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, қар күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Өскемен қ. жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.