"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 03 ақпанда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.