"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 27 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.