"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 07 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ. түнде қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.