«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 26 желтоқсанда түнде облыстың батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын - жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ. күндіз жауын-шашын - жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.