«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 15 желтоқсанда түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын - көбінесе қар, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын - көбінесе қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ. күндіз жауын-шашын - көбінесе қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с.