«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 14 желтоқсанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Өскемен қ. түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.