«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 07 желтоқсанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ. көктайғақ күтіледі.