«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша
24 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының аздаған мөлшерде қар түседі деп күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында көп мөлшерде қардың түсуі күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі, күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20, күндіз 25 м/с.
Өскемен қ.: 24 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.