«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 13 қарашада облыстың басым бөлігінде жауын-шашын - жаңбыр, қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Өскемен қ. жауын-шашын - жаңбыр, қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.