"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 10 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын - жаңбыр, қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын - жаңбыр, қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Өскемен қ. таңертең және күндіз жауын-шашын - жаңбыр, қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.