"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 09 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын - жаңбыр, қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ. жауын-шашын - жаңбыр, қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с.