"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 02 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.