"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 30 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын - жаңбырдың соңы қарға ұласады күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.