"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша
22 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.