"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 12 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың шығысында жауын-шашын - жаңбыр, жылбысқы қар күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.