"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 11 қыркүйекте облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ. кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады күндіз екпіні 15-18 м/с.