"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 03 қыркүйекте күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.