«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша
18 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 18 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.