«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 13 тамызда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Өскемен қ. найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.