«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты 02 тамызда түнде облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Облыстың шығысында, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ. күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.