Облыста дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 01 тамызда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ. найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.