«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 20 шілдеде түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, ортлығында 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ. түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.