«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша
19 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Өскемен қ.: 19 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.