«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 05 шілдеде күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз найзағай. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ. күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.