«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 26 маусымда түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ. найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.