«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 21 маусымда түнде облыстың солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с, түнде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ. найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.