«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 20 маусымда түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ. таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.