«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 14 маусымда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ. күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.