«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 08 маусымда таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ. күндіз найзағай күтіледі.