«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 24 мамырда күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ. найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.