«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 19 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ. найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.