"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 12 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ. түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15 м/с.