Шығыс Қазақстан облысында 25-28 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына және 27-28 сәуірде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.