«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 21 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде жауын-шашын- жаңбыр, қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с. Өскемен қ. күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.