«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша облыстың 21-24 сәуір аралығында жауын-шашын болжамына (негізінен жаңбыр түріндегі) және температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.