"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 19 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын - жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ. түнде және таңертең қар, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.