«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 16 сәуірде түнде облыстың шығысында жауын-шашын - жаңбыр, қар, облыстың батысында, орталығында найзағай, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын -жаңбыр, қар, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 , екпіні 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.