«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 07 наурызда облыстың жауын-шашын - жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ. жауын-шашын - жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с.