"Қазгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша 10 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде,шығысында,оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік -батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады,облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.