"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 21 қаңтарда түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Өскемен қ. бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.