"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша
18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 18 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.